| Бектасов Жомарт Кульчимбекович 1977 жылғы 22 қаңтарда Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақбұлақ ауылында (бұрынғы атауы — Самсоновка) дүниеге келген. Ұлты – қазақ. 1983 жылы «Ленинский путь» орта мектебінің бірінші сыныбына қабылданып, 1993 жылы оны тәмамдаған. 1995–1997 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери борышын өтеген. 1999–2004 жылдары М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» мамандығы бойынша білім алған. 2018–2020 жылдары Қарағанды экономикалық университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша жоғары білім алған. Еңбек жолын Түркістан облысы, Сайрам ауданы, №18 Ә. Құрмантаев атындағы жалпы білім беретін мектепте бастаған. 2000–2005 жылдары аудандық кәсіптік бағдар беру мектебінде қызмет атқарған. Кейіннен №18 мектепте дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болған. 2007–2020 жылдары Сайрам аудандық білім бөлімінде әдіскер, ал 2020–2021 жылдары Түркістан облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығында спорт бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2021 жылғы 26 сәуірден бастап Сайрам аудандық білім бөлімінде әдіскер болып жұмыс істеген. 2024 жылғы 10 қыркүйектен бастап №33 Н. Шойынбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің директоры қызметін атқарып келеді. |